Бағдарлама

Бағдарлама кестесі

Негізгі күндер

Өтінім беру мерзімі:
02.06.2024 23:59 GMT+5 дейін

Мектепке өткен қатысушы студенттерді жариялау:
03.06.2024 ж.

Қатысушылармен құжаттарға қол қою кезеңі:
03-07.06.2024 ж.

Оқу бағдарламасының басталуы:
10.06.2024 ж.

Оқу бағдарламасының аяқталуы:
02.08.2024 ж.

Бағдарлама тақырыбы

Bölme көпсалалы мектебінің алғашқы бағдарламасының тақырыбыpublic art пен қоғамдық кеңістік. Біз бұл тақырыпты үлкен қалада жиі кездесетін өзекті мәселелерге осы қаланың тұрғындары мен мамандарының жауабы ретінде таңдадық.

Біз жас мамандардың жобалау үрдісінде жергілікті қауымдастықтар мен қоршаған ортамен байланыс орнатқанын қалаймыз. Ең алдымен, олар ауданда тұратын адамдардың мүдделерін ескере отырып, қоғамдық кеңістіктер үшін қызықты, концептуалды және экологиялық таза шешімдерді жасауды үйренгенін жөн көреміз.

Бағдарламаның қысқа түйіндемесі

Bölme пәнаралық мектебінің оқу бағдарламасы 2024 жылдың 10-маусымынан бастап, екі жаз айына созылады. Әр топта – «Визуалды композиция» және «Сәулет өнері» – 10 студентке арналған орындар қарастырылған. 2024 жылы мектеп Алматы қаласында Қ.И.Сәтбаев атындағы университет аумағында өтеді.

Оқу бағдарламасы теориялық және практикалық негіздерден тұрады.

Bölme бағдарламасы барлық оқу кезеңінде жабдықталған шеберханаларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Шеберханалар кез келген уақытта бағдарлама студенттеріне қолжетімді болады. Сонымен қатар, студенттердің жұмыс мәселелерін шешу үшін әртүрлі материалдармен, қосымшалармен жұмыс істеуге кеңес беретін техникалық сарапшылармен кездесулер болады.

Студенттер теория мен практикалық жұмыстан басқа, қазақстандық атақты суретшілердің шеберханаларына, заманауи өнер, сәулет өнері мен урбанизмді қолдау және насихаттаумен айналысатын жергілікті мекемелер мен ұйымдардың кеңістігіне барады. Сондай-ақ, қорытынды жоба локациясы, Қарасу көліне бірнеше сапарлар жоспарланған.

 «Cәулет өнері» тобы«Визуалды композиция» тобы
1-і ай

Дизайнға кіріспе, тарихи, мәдени, қалалық контекст.

Эскиз, түстану және композиция дағдыларына негізделген көркемдік тәжірибенің негіздерімен таныстыру.

*

Лекциялар, шеберлік дәрістер, семинар, әдеби оқу дәрістері.

2-і ай

Ортақ жобалармен топтық жұмыс жасау, эскиздер, модельдеу, биодизайн, сондай-ақ авторлық құқық туралы және өз жобаларыңызды таныстыру бойынша қосымша семинарлар өтеді.

*

Қорытынды жобаларды даярлау.

Бағдарлама нәтижесінде игеретін кәсіби дағдылар

  • толыққанды жұмысты алған білімдерінің негізінде жасай білу;
  • портфолио әзірлеу және өз жұмысын ұсыну дағдылары;
  • топтық талқылаулар өткізу мен сарапшылардан кері байланыс алу;
  • арнайы ортаға/аудиторияға көркем немесе сәулет жұмысын жасау.

Қорытынды жоба

Қарасу аялдамасыХрамМемориалСаябақСуға түсетін жолВысоковольтная к-сіЦентральная к-сіЮжная к-сіСолтүстік айналым тас жолы

Қарасу көлі — Bölme-нің алғашқы бағдарламасының қорытынды жобасының орналасқан жері.

Тарих

Қарасу ауылы 1998 жылы құрылғанына 80 жыл толды, елді мекен Алматы қаласына қосылды. 2003 жылы қалаға қосылған ауыл Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты Қарасу ықшам ауданы болып өзгертілді. Халқы – 15 мың адам.

Шағын ауданның басты көрікті жері – Қарасу көлі. Қарасу ауданының тұрғыны Сергей Васильев 2017 жылы батпақты көл мен оның маңын тазарту үшін жергілікті экологиялық қоғамдастық құруды ұйғарды. Оның 2017 жылы экологиялық қоғамдастық құру және Қарасу көлін қалпына келтіру бастамасы Сорос-Қазақстан Қорының Urban Forum Almaty ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасы аясында «Алматы қаласының орталық емес аудандарын дамытудың әлеуметтік жобалары» байқауының финалисті болды. Сол жылы Сергей және оның пікірлестері табиғат нысандарын сақтау және жергілікті қоғамдастықтарының экология саласында білімін көтеру бойынша жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру үшін «Алматы қаласының Экологиялық даму қоры» Қоғамдық Қорын құрды.

Қазіргі уақытта «Алматы қаласының Экологиялық даму қоры» ҚҚ әкімдікпен бірлесіп Қарасу көлін тазарту және көлдің биосферасын қалпына келтіру жұмысының барысында.

Тапсырма

Біз мектеп қатысушыларын Қарасу көлінің айналасында қоршаған орта мен жергілікті тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, әрі қарай жүзеге асыру мүмкіндігі болатын көркемөнер және сәулеттік жобалар жасауға шақырамыз. Біз бұған дейін жүргізілген зерттеулер мен сауалнамаларды студенттермен бөлісіп, жергілікті қоғамдастықпен таныстырамыз.

Қорытынды жобалар 4 адамнан тұратын кішігірім топтарға бөлініп, ұжымдық түрде орындалады. Қорытынды көрсетілімде жобалар эскиз, макет және кәсіби орта мен Қарасу жергілікті қауымдастығының алдында өтетін презентациядан тұратын болады.

Сәтті жобалар 2025 жылы Қарасу көлінің аумағында физикалық түрде орындалуға қарастырылады.

Сәулет өнері тобының кураторлары мен оқытушылары

Эльвира Бакубаева

Сәулетші, «NAAW» сәулеттік бюросының негізін қалаушы.

Асель Есжанова

Cәулетші, Urban Forum Kazakhstan ҚҚ негізін құрушысының бірі, даму жөніндегі директоры.

Визуалды композиция тобының кураторлары мен ұстаздары

Нұрбол Нұрахмет

Суретші және ұстаз.

Дәріс оқушы мамандар туралы

Artist talk пен дәріс беретін жергілікті және халықаралық зерттеушілер мен мамандар шақырылады (тізім әлі де толтырылып келеді).

Суретшілер:

Асхат Ахмедьяров

Қазақстандық суретші.

Ербосын Мелдібеков

Қазақстандық суретші.

Сәуле Сүлейменова

Қазақстандық суретші.

Заманауи өнер және сәулет өнері саласындағы зерттеушілер мен мамандар:

Бланш Камерон

The Bartlett School of Architecture UCL-да Экологиялық дизайн саласындағы лектор (Лондон, Ұлыбритания).

Ділдә Рамазан

Көркем сыншы, куратор, Париждегі Сорбонна университетінің PhD кандидаты (Қазақстан).

Диана Ухина

Мәдениет зерттеушісі, куратор, DJ, Бішкектік заманауи өнер мектебінің (БиШСИ) негізін қалаушыларының бірі және СИНЕРГИЯ көркем шеберхананың қатысушысы (Қырғызстан).

Юлия Хан

Фотограф, Алматы қ. Dunie Design студиясының көркем жетекшісі, ALALA музыкалық платформасының негізін құрушыларының бірі (Қазақстан).

Дана Молжігіт

Биодизайн бойынша сарапшы, зерттеуші және инноватор (Қазақстан).

Жанель Шахан

Көпсалалы суретші, иллюстратор, саяси белсенді.

Деннис Кин

Лингвист, монументалды кеңестік өнерді зерттеуші, Walking Almaty сәулеттік жаяу турларының негізін қалаушы (АҚШ / Қазақстан).

Томирис Копжасарова

Сәулетші (Қазақстан).

Айсұлу Уәли

Сәулетші, «NAAW» сәулеттік бюросының негізін қалаушы (Қазақстан).

Роландас Ключинскас

Сәулетші (Вильнюс, Алматы, Милан).

Илья Потёмин

Дизайнер және өнертапқыш (Турин, Италия).

Теміртаc Ысқақов

Сәулетші, зерттеуші, мәдени белсенді және куратор (Қазақстан).

Алеся Нугаева

Қала зерттеушісі, қоғамдастықтармен жұмыс істеу бойынша сарапшы, Gorozhanym жобасының жетекшісі (Қазақстан).

forty five degrees

forty five degrees ұжымы (Германия)

Төлемі

Таңдалған қатысушылар үшін Bölme пәнаралық мектебінің оқу бағдарламасы ақылы болады. Екі айлық оқу құны 80 000 теңгені құрайды.

Іріктеуден өткен қатысушылар оқу бағдарламасы басталғанға дейін төлем өткізуі қажет.

* Bölme пәнаралық мектебі бейкоммерциялық ұйым болып табылады. Қатысушылардың төлемдері мен серіктестерден жиналған қаржы толықтай бағдарламаны ұйымдастыруға жаратылады.

Гранттық орындар

Bölme пәнаралық мектебінің 2024 жылы өтетін алғашқы оқу бағдарламасына келесі гранттық орындар бөлінген:

  • бағдарламаның тек оқу ақысын қамтитын Bölme пәнаралық мектебінің екі гранттық орны.
  • Қазақстанның аймақтық өңірінде тұратын қатысушыларға арналған the British Council-дің екі гранттық орны. Грант бағдарлама ақысын, бағдарлама уақытында Алматы қаласында тұруды және Алматыға келіп-кету жолын қамтиды.

Егер сіз гранттық орынға тапсырғыңыз келсе, Google form-дағы өтінімнің 5 бөлімінде "Бағдарламаға қатысуға қаржылай мүмкіндігіңіз бар ма?" деген сұраққа "жоқ" деп жауап беру керексіз.