Өтінім беру
Bölme пәнаралық мектебінің бағдарламасына қатысуға өтінім беруге асығыңыз!
Студенттерге, жас сәулетшілер және суретшілерге арналған екі айлық оқу бағдарламасы 2024 жылдың жаз айларында өтеді.
Өтінім беру мерзімі: 02.06.2024 23:59 GMT+5 дейін.
«Bölme» пәнаралық мектебіне қатысуға кімдер өтінім бере алады?
«Bölme» пәнаралық мектебіне қатысу үшін:
- Сіз 18 немесе одан үлкен болуыңыз керек.
- Сіз орта мектептің түлегісіз, немесе;
- Сіз мамандырылған орта білім беру ұйымының студенті немесе түлегісіз (колледж, техникум, т.б.);
- Сіз қазір университет студентісіз, немесе;
- Сіз жоғары оқу орнын бітіріп, кәсіби және өнер ізденіс үстінде жүрген жас мамансыз.
- Жаздың екі айын мектепке, яғни 2024 жылы маусым мен шілдеге арнауға мүмкіндігіңіз бар болуы тиіс.
*Мектеп Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Орталық Азия елдерінің азамттарынан өтінімтер қабылдайды.
Өтінімді толтыру үшін қандай құжаттар қажет?
Сілтемеге өту арқылы өтінішті толтырып, келесі құжаттарды тіркеу керек:
- CV/түйіндеме (өзіңіздің біліміңізді, жұмыс тәжірибеңізді және маңызды деп санайтын барлық нәрселерді көрсетіп, екі беттен аспайтын PDF файл);
- портфолио (суреттері бар 10 слайдтан аспайтын PDF файл: онда көркемөнер, сәулет өнері аясындағы жұмыстарыңыз, эскиздер, орындалған немесе жоспарланған жобаларыңыз, фото немесе видео-бейнелерге сілтемелерді көрсетуге болады);
- ынталандыру хаты (болашақ кәсіби мақсаттарыңызға әсер еткен бұрынғы жұмыс тәжірибеңіз, неліктен Bölme бағдарламасына қатысқыңыз келетіні туралы айтып беріңіз, максимум 1000 сөз).
Гранттық орындар
Bölme пәнаралық мектебінің 2024 жылы өтетін алғашқы оқу бағдарламасына келесі гранттық орындар бөлінген:
- бағдарламаның тек оқу ақысын қамтитын Bölme пәнаралық мектебінің екі гранттық орны.
- Қазақстанның аймақтық өңірінде тұратын қатысушыларға арналған the British Council-дің екі гранттық орны. Грант бағдарлама ақысын, бағдарлама уақытында Алматы қаласында тұруды және Алматыға келіп-кету жолын қамтиды.
Егер сіз гранттық орынға тапсырғыңыз келсе, Google form-дағы өтінімнің 5 бөлімінде "Бағдарламаға қатысуға қаржылай мүмкіндігіңіз бар ма?" деген сұраққа "жоқ" деп жауап беру керексіз.