Мектеп жайлы

Біздің тарихымыз

2021 жылы бізде, сәулет және бейнелеу өнері саласының мамандары жаңа кадрларды даярлаудың оқу бағдарламасын жасауды мақсат еттік. Барлығымызда жергілікті және шетелдік біліміміз бар болғандықтан, біз осы академиялық құрылымдардың кез келгенінің оң және теріс жақтарын өз көзімізбен көрдік. Осыған орай біз өзіміз осы білім беру жүйелерінің қосындысын тапқымыз келді. Ол дегеніміз: жергілікті қажеттіліктерді қанағаттандыратын, сонымен қатар тәжірибелік тәсілдермен ерекшеленетін бағдарлама құру. 2023 жылдан бастап біз оқу жоспарын толығымен әзірлеуді бастадық та, 2024 жылы Bölme мектебін пилоттық форматта іске қосу үшін қаржыландыруды іздедік.

Мектеп тұжырымдамасы

Bölme, білім беру платформасы ретінде көркемөнер пәндерінің арасын жақындатуға арналған. Жас мамандарда концептуалды және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін, біз қоғамдық мәселелер мен бейнелеу өнеріндегі талаптарды сәулет өнері және көркемөнер тәсілдерін біріктіре отыра, шешуді қарастырамыз.

Біздің мақсатымыз

Біз адамдарды шығармашылыққа ынталандыратын кәсіби ортаны құрғымыз келеді, сондықтан мектептің негізгі мақсаты — концептуалды және техникалық жағынан инновациялық идеяларды әзірлеу және жүзеге асыру. Біз жас мамандарға жергілікті ортаның сұраныстарына дайындалып, бейімделуге көмектесуге тырысамыз.

Біздің ұжым жайлы

Bölme ұжымы. Фото: Юлия Хан

Нұрбол Нұрахмет

Суретші және ұстаз.

Эльвира Бакубаева

Сәулетші, «NAAW» сәулеттік бюросының негізін қалаушы.

Демеушілеріміз

Басты серіктестер:
Ақпараттық серіктестер:
Қолдау көрсеткен:

Бізбен байланыс

Барлық сұрақтарыңыз бойынша біздің электронды поштамызға хабарласыңыздар.

E-mail: [email protected]
WhatsApp: +7 (775) 590-84-69
Instagram: @bolme.school