Bölme 2024
Бағдарлама кестесі
Негізгі күндер
Оқу бағдарламасының басталған күні:
06.03.2024 ж
Оқу бағдарламасының аяқталған күні:
31.07.2024 ж
Бағдарлама тақырыбы
Bölme пәнаралық мектептің пилоттық бағдарламасының тақырыбы public art пен қоғамдық кеңістік болды. Біз бұл тақырыпты үлкен қаланың тұрғындары мен мамандары ретінде, жиі кездесетін өзекті мәселелерге жауап ретінде таңдадық.
Біз жас мамандардың жергілікті қауымдастықтармен диалогта қоршаған ортамен байланыс орнатқанын қалап, ең алдымен ауданда тұратын адамдардың мүдделерін ескере отырып, кеңістіктер үшін қызықты, концептуалды және экологиялық таза шешімдерді жасауды қарастырдық.
Бағдарламаның қысқа түйіндемесі
Bölme пәнаралық мектебінің оқу бағдарламасы 2024 жылы 3 маусымнан бастап екі жаз айына созылды.
Әр топта – «Бейнелеу өнері» және «Сәулет өнері» – 10 студентке арналған орындар қарастырылғанымен, соңында 18 студент таңдалды. 13 студент қорытынды жоба жасауға қатысты. 2024 жылы мектеп Алматы қаласында Қ.И.Сәтбаев атындағы университет аумағында өтті.
Оқу бағдарламасы теориялық және практикалық негіздерден тұрды.
Bölme бағдарламасы барлық оқу кезеңінде жабдықталған студиялық кеңістікте жұмыс істеуге мүмкіндік жасады. Студиялар кез келген уақытта бағдарлама студенттеріне қол жетімді болып, сонымен қатар техникалық сарапшылардан студенттердің шығармашылық мәселелерін шешу үшін әртүрлі материалдармен, қосымшалармен жұмыс істеуге кеңес алды.
Студенттер теория мен тәжірибеден басқа, қазақстандық атақты суретшілердің шеберханаларына, өнерді, сәулет пен урбанизмді қолдау және насихаттаумен айналысатын жергілікті мекемелер мен ұйымдардың кеңістіктеріне барып, сондай-ақ өнер, сәулет және урбанистиканы қолдаумен айналысатын орындар мен негізгі қорытынды жоба орны Қарасу көліне сапарларға шықты.
| «Cәулет өнері» тобы | «Визуалды композиция» тобы | |
|---|---|---|
| 1-і ай | Дизайнға кіріспе, тарихи, мәдени, қалалық контекст | Эскиз, түстану және композиция дағдыларына негізделген көркемдік тәжірибенің негіздерімен танысу |
| * | Лекциялар, шеберлік дәрістер, семинар, әдеби оқу дәрістері. | |
| 2-і ай | Ортақ жобалармен топтық жұмыс жасау, эскиздер, модельдеу, биодизайн, сондай-ақ авторлық құқық туралы және өз жобаларын таныстыру бойынша қосымша семинарлар өткізілді | |
| * | Қорытынды жобаларды даярлау. | |
Бағдарлама нәтижесінде игеретін кәсіби дағдылар
- толыққанды жұмысты алған білімдерінің негізінде жасай білу;
- портфолио әзірлеу және өз жұмысын ұсыну дағдылары;
- топтық талқылаулар өткізу мен сарапшылардан кері байланыс алу;
- арнайы ортаға/аудиторияға көркем немесе сәулет жұмысын жасау.
Қорытынды жоба
Қарасу көлі — Bölme-нің алғашқы бағдарламасының қорытынды жобасының орналасқан жері.
Тарих
Қарасу ауылы 1998 жылы құрылғанына 80 жыл толды, елді мекен Алматы қаласына қосылды. 2003 жылы қалаға қосылған ауыл Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты Қарасу ықшам ауданы болып өзгертілді. Халқы – 15 мың адам.
Шағын ауданның басты көрікті жері – Қарасу көлі. Қарасу ауданының тұрғыны Сергей Васильев 2017 жылы батпақты көл мен оның маңын тазарту үшін жергілікті экологиялық қоғамдастық құруды ұйғарды. Оның 2017 жылы экологиялық қоғамдастық құру және Қарасу көлін қалпына келтіру бастамасы Сорос-Қазақстан Қорының Urban Forum Almaty ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасы аясында «Алматы қаласының орталық емес аудандарын дамытудың әлеуметтік жобалары» байқауының финалисті болды. Сол жылы Сергей және оның пікірлестері табиғат нысандарын сақтау және жергілікті қоғамдастықтарының экология саласында білімін көтеру бойынша жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру үшін «Алматы қаласының Экологиялық даму қоры» Қоғамдық Қорын құрды.
Қазіргі уақытта «Алматы қаласының Экологиялық даму қоры» ҚҚ әкімдікпен бірлесіп Қарасу көлін тазарту және көлдің биосферасын қалпына келтіру жұмысының барысында.
Тапсырма
Біз мектеп қатысушыларын Қарасу көлінің айналасында қоршаған орта мен жергілікті тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, әрі қарай жүзеге асыру мүмкіндігі болатын көркемөнер және сәулеттік жобалар жасауға шақырдық. Біз бұған дейін жүргізілген зерттеулер мен сауалнамаларды студенттермен бөлісіп, жергілікті қоғамдастықпен таныстырып өттік.
Қорытынды жобалар 4 адамнан тұратын кішігірім топтарға бөлініп, ұжымдық түрде орындалды. Қорытынды көрсетілімде жобалар эскиз, макет және кәсіби орта мен Қарасу жергілікті қауымдастығының алдында өтетін презентациядан тұрды.
Қорытынды жобалар презентациясы
Сәулет өнері тобының кураторлары мен оқытушылары
Асель ЕсжановаCәулетші, Urban Forum Kazakhstan ҚҚ негізін құрушысының бірі, даму жөніндегі директоры.
Визуалды композиция тобының кураторлары мен ұстаздары
Дәріс оқушы мамандар туралы
Artist talk пен дәріс беретін жергілікті және халықаралық зерттеушілер мен мамандар шақырылды.
Суретшілер:
Асхат АхмедьяровҚазақстандық суретші.
Ербосын МелдібековҚазақстандық суретші.
Сәуле СүлейменоваҚазақстандық суретші.
Заманауи өнер және сәулет өнері саласындағы зерттеушілер мен мамандар:
Бланш КамеронThe Bartlett School of Architecture UCL-да Экологиялық дизайн саласындағы лектор (Лондон, Ұлыбритания).
Ділдә Рамазан Көркем сыншы, куратор, Париждегі Сорбонна университетінің PhD кандидаты (Қазақстан).
Диана УхинаМәдениет зерттеушісі, куратор, DJ, Бішкектік заманауи өнер мектебінің (БиШСИ) негізін қалаушыларының бірі және СИНЕРГИЯ көркем шеберхананың қатысушысы (Қырғызстан).
Юлия ХанФотограф, Алматы қ. Dunie Design студиясының көркем жетекшісі, ALALA музыкалық платформасының негізін құрушыларының бірі (Қазақстан).
Дана МолжігітБиодизайн бойынша сарапшы, зерттеуші және инноватор (Қазақстан).
Жанель ШаханКөпсалалы суретші, иллюстратор, саяси белсенді.
Деннис КинЛингвист, монументалды кеңестік өнерді зерттеуші, Walking Almaty сәулеттік жаяу турларының негізін қалаушы (АҚШ / Қазақстан).
Томирис КопжасароваСәулетші (Қазақстан).
Роландас КлючинскасСәулетші (Вильнюс, Алматы, Милан).
Илья ПотёминДизайнер және өнертапқыш (Турин, Италия).
Теміртаc ЫсқақовСәулетші, зерттеуші, мәдени белсенді және куратор (Қазақстан).
Алеся НугаеваҚала зерттеушісі, қоғамдастықтармен жұмыс істеу бойынша сарапшы, Gorozhanym жобасының жетекшісі (Қазақстан).
forty five degreesforty five degrees ұжымы (Германия)
Төлемі
Таңдалған қатысушылар үшін Bölme пәнаралық мектебінің оқу бағдарламасы ақылы болады. Екі айлық оқу құны 80 000 теңгені құрайды.
Іріктеуден өткен қатысушылар оқу бағдарламасы басталғанға дейін төлем өткізуі қажет.
* Bölme пәнаралық мектебі бейкоммерциялық ұйым болып табылады. Қатысушылардың төлемдері мен серіктестерден жиналған қаржы толықтай бағдарламаны ұйымдастыруға жаратылады.
Гранттық орындар
2024 жылы Bölme пәнаралық мектебіне келесі мекемелерден студенттерге арналған гранттық орындар бөлінді:
- Bölme мектебінің атынан 2 гранттық орын;
- British Council-дан Алматыдан тыс тұратын қазақстандық студенттерге арналған 2 гранттық орын;
- 98mag журналының атынан 2 гранттық орын;
- Ainalaiyn Space галереясының атынан 1 гранттық орын;
- Tselinny Заманауи Мәдениет Орталығынан 1 гранттық орын.
Түлектер
Айя Сапар
Алина Куон
Амира Имел
Әмірхан Даулетьяров
Анеля Рахметова
Ажар Байгужаева
Валерия Струкова
Бексұлтан Мүрсәлім
Дана Алпусова
Камила Насихат
Қымбат Өмірзақ
Маргарита Шарапа
Сания Бегинбекова



